21.03.2025
Конор Макгрегор Ирландия президенті атануға мүдделі

Фото: Chip Somodevilla/Staff/Getty Images
Жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы UFC чемпионы Конор Макрегор Ирландия президенті лауазымына үміткер атанды.
Атақты спортшы ирландиялықтарды биыл 11 қарашада өтетін президент сайлауында өзіне дауыс беруге шақырды.
— Ирландия, таңдау сенде! Президент сайлауында маған дауыс бер. Бәріміз бірге мемлекетті құтқарамыз,— деді Конор Макгрегор әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Конор Макгрегор аралас жекпе-жекте 28 кездесу өткізіп, соның 22-сінде жеңіске жетсе, алтауында жеңіліс тапты.
