10.04.2025
Жалғас Жұмағұлов Германияда титулдық жекпе-жек өткізеді

Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC
Қазақстандық жауынгер Жалғас Жұмағұлов (17-9) чехиялық OKTAGON ММА промоушнінде титулдық айқас өткізеді.
28 маусым күні отандасымыз Германияның Гамбург қаласында өтетін жекпе-жек кешінде жеңіл салмақтағы (57 келі) қазіргі чемпион грузиялық Бено Адамиямен (12-8) күш сынасады.
OKTAGON 73 турнирі құшағына 15 мың жанкүйер сыйдыра алатын Barclays Arena аренасында өтеді.
