2 күн бұрын
Конор Макгрегор UFC 314 турнирінде жарты миллион доллар ақшасынан айырылды

Фото: Joe Maher/Getty Images
Жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион, ирландиялық Конор Макрегор UFC 314 турнирінде 500,000 доллар ақшасынан айырылды.
Конор Макгрегор Майамиде өткен кеште Майкл Чендлер мен Пэдди Пимблет арасындағы жекпе-жекке бәс тікті.
Конор Чендлерді нокаутпен немесе техникалық нокаутпен жеңіске жетеді деп, 500,000 доллар бәске қойған. Егер Чендлер жеңіске жеткенде ақша 2,5 миллион долларға еселенетін еді.
Алайда, октагондағы жағдай басқаша өрбіді. Пимблет Чендлерді үшінші раундта техникалық нокаут арқылы жеңіп, Макгрегор жарты миллион доллар ақшасынан қағылды.
Айта кетейік, Конор Макгрегор аралас жекпе-жекте 28 кездесу өткізіп, соның 22-сінде жеңіске жетсе, алтауында жеңіліс тапты.
