3 сағат бұрын
OCTAGON 71: Аян Тұрсын сенсациялық жеңіліске ұшырады

Алматыда өткен OCTAGON 71 турнирінде әйелдер арасындағы минималды салмақта чемпиондық белбеу сарапқа салынды. Қазақстандық Аян Тұрсын (7-0) тұңғыш рет белбеуін қорғауға шықты. Оның қарсыласы – Қырғызстаннан келген Фарида Абдуева (4-1), көпшілік бұл жекпе-жекті оның UFC-дегі жолдамасы деп бағалаған еді.
Бірінші раундтан-ақ Аян қиындыққа тап болды — Абдуева айтарлықтай қысым көрсетті. Екінші және үшінші кезеңдер де бір-біріне алмасқан шабуылдармен өтті. Төртінші раундта Турсын тор маңында қателікке бой алдырып, біраз уақыт қауіпті жағдайда қалды. Дегенмен, қарсыласы бұл сәтті тиімді пайдалана алмады.
Соңғы бес минутта екеуі де шабуылға көшіп, бірнеше мәрте ашық айқасқа кірісті. Бірақ нокаут тіркелмеді. Нәтижесінде төрешілер шешімімен сенсация орын алып, Фарида Абдуева жаңа чемпион атанды.
