8 сағат бұрын
Шавкаттан жеңілген файтер UFC рейтингінде жоғарылады

Фото: Cooper Neill/Contributor/Getty Images
Жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) UFC рейтингі жаңарды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы ондықтың арасында тек бір ғана өзгеріс тіркелді: ирландиялық Иан Мачадо Гэрри (16-1) америкалық Хоакин Баклиді (21-6) артқа тастап 6-шы орынға көтерілді.
Бұл жетістікке Гэрри Казнас-Ситиде өткен UFC on ESPN 66 турнирінде бразилиялық Карлос Пратесті (21-7) төрешілердің шешімі бойынша жеңгеннен кейін жетті.
Ал Шавкат (19-0) рейтингтегі өзінің екінші орнын сақтап қалды. Осылайша, отандасымыз титулдық жекпе-жек өткізуге басты үміткер болып қала береді.
Еске салсақ, Рахмонов соңғы жекпе-жегінде UFC 311 турнирі аясында ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің шешімі бойынша жеңген болатын.
