11 сағат бұрын
Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

Фото: instagram/asu_almabayev
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев (21-3-0) келесі жекпе-жегін шілде айында өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы отандасымыздың бапкері Эдуард Базров мәлімдеді.
– Иә, шілде айында жекпе-жекке шығу жоспарда бар. Бәрі солай болатын сияқты. Уақытты жоғалтып, тоқтап қалуға болмайды. Әзірге келісімшартқа қол қойылмады, қарсылас та белгілі емес. Алайда, октагонға шығу ниетіміз бар. Сондықтан, шілде айыда жекпе-жекке шығуымыз әбден мүмкін,– деді Эдуард Базров «Спорт Шредингера» порталына берген сұхбатында.
Болжам бойынша, Алмабаев 26 шілде БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтетін UFC турнирінде октагонға оралуы мүмкін.
Еске салсақ, Асу Алмабаев соңғы рет 2 наурыз күні өткен UFC Vegas 103 турнирінің басты жекпе-жегінде португалиялық Манель Капеден (21-7-0) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын.
