17 сағат бұрын
Қазақстандық сарапшы Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады

Қазақстандық спорт сарапшысы және комментатор Исатай Мәді UFC ұйымындағы жеңіліс көрмеген қазақ спортшысы Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Егер Хоакин Бакли Камару Усманды жеңсе немесе керісінше болса, бұл жекпе-жектің жеңімпазы чемпиондық белбеуге бір қадам жақындай түседі. Мұндай жағдайда Шон Брэди мен Шавкатқа тағы бір-бір жекпе-жек өткізуге тура келеді. Бұл жерде мүдделер қақтығысы пайда болуы мүмкін. Сондықтан Шавкат үшін ең қисынды қарсылас — Шон Брэди. Мұның бәрі Шавкаттың жарақатына байланысты. Бірақ ол қазан айында октагонға оралуды жоспарлап отыр. Ал Брэди наурыздағы жекпе-жектен кейін дайын болады, — деді Исатай Мәди
