09.05.2025

Илья Топурия келесі жекпе-жегінде кіммен шығатынын мәлімдеді

Илья Топурия келесі жекпе-жегінде кіммен шығатынын мәлімдеді

Жеңіл салмақта (66 келіге дейін) UFC титулының бұрыңғы иегері, испандық-грузиялық Илья Топурия El Hormiguero телеарнасына берген сұхбатында келесі жекпе-жегін 28 маусымда UFC 317 аясында жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачевке немесе бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Топурия 28 жаста. Испан-грузин UFC-де 2020 жылдан бері бақ сынап келеді. 2024 жылдың ақпанында UFC 298 турнирінде австралиялық Александр Волкановскиді екінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын жеңіп алды.

Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 308 турниріндегі соңғы жекпе-жегінде Топурия америкалық Макс Холлоуэйді үшінші раундта нокаутқа түсіріп, титулын сәтті қорғады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас