10 сағат бұрын

UFC 315: Бекзат Алмахан салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

UFC 315: Бекзат Алмахан салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Фото: UFC

Бүгін, 9 мамырда UFC 315 турнирінің қатысушалары арасында салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Салмақ өлшеу рәсімінің нәтижесінде қазақстандық Бекзат Алмахан мен оның канадалық қарсыласы Брэд Катона тұрған таразы бірдей келіні көрсетті – 61,6 кг. Қос файтер де жеңіл салмақ жекпе-жегіндегі талапқа сай келіні тіркеді.

Сондай-ақ кештің басты жекпе-жегінде октагонға көтерілетін америкалық Белал Мұхаммад пен аустралиялық Джек Делла Маддалена да таразыдан сәтті өтті. Екеуі де 77,1 келіні көрсетіп, айқасқа толықтай дайын екендігін аңғартты.

Отандасымыз Бекзат Алмахан үшін бұл UFC-дегі екінші жекпе-жегі болмақ. Бұған дейін ол, өткен жылдың наурыз айында Умар Нурмагомедовтан төрешілердің шешімі нәтижесінде жеңілген болатын.

Айта кетейік, UFC 315 турнирі Канаданың Монреаль қаласында орналасқан «Bell Centre» аренасында өтеді. Кештің шымылдығын отандасымыз Бекзат Алмахан мен Брэд Кантона арасындағы жекпе-жек ашады. Ал басты айқас жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммад пен рейтингте 5-орында тұрған Джек Делла Маддалена арасында өтеді.

UFC 315 турнирін мамырдың 10-нан 11-не қараған түні сағат 03:30-дан бастап біздің «LIVE SPORT12» Telegram-арнамыздан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Дзюдо

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

Бокс 5 сағат бұрын

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Теннис 5 сағат бұрын

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Футбол 5 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді

Хоккей 6 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді