2 күн бұрын
Шавкаттың салмағында жаңа чемпион анықталды

Фото: Chris Unger/Contributor/UFC/Getty Images
Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегінде аустралиялық Джек Делла Маддалена америкалық Белал Мұхаммадты жеңіп, жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) жаңа чемпион атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бес раундқа созылған жекпе-жекте Маддалена қарсыласынан басым түсті. Ол арақашықтықты тиімді бақылап, дәл соққыларымен ұпай қорын толықтырып отырды. Соңғы раундтарда Мұхаммад чемпиондық белбеуден айырылып бара жатқанын түсінгендей белсенді шабуылдауға тырысқанымен, аустралиялық спортшының сауатты қорғанысы мен қарсы соққылары өзін жеңіске жетеледі.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан Маддаленаны жеңімпаз деп таныды – 48-47, 48-47, 49-46.
Бұл – Джек Делла Маддаленаның кәсіби мансабындағы 18-ші жеңісі болды. Жаңа чемпион бұған дейін екі мәрте жеңілістің кермек дәмін татқан. Ал Белал Мұхаммад 28-ші жекпе-жегінде 4-ші рет қарсыласына жол берді.
