2 күн бұрын
Джек Делла Маддалена жеңісі жайлы эмоциясымен бөлісті

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы атанған аустралиялық Джек Делла Маддалена америкалық Белал Мухаммадқа қарсы жекпе-жек жайында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
— Мен бұл жекпе-жекті дәл осылай елестеттім. Өзімді тамаша сезінемін. Белал үнемі қысым жасап отырды. Сондықтан ақылмен жұмыс істеу қажет болды. Кей сәттерде соққыларым нақты болмады. Бірақ бәрібір жеңіс маған бұйырды. Мұндай қысым көрсететін балуанмен жұдырықтасқанда, сабырмен және ойланып әрекет ету керек. Соңғы 30 секунд қалғанын көріп, жекпе-жекті жеңіп жатқанымды түсіндім. Аустралия, енді бізде үш чемпион бар! — деді Маддалена жекпе-жектен кейінгі сұхбатында.
Еске салайық, жекпе-жек бес раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аустралиялықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Джек Делла Маддалена кәсіби мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді.
