1 күн бұрын
Шавкат Рахмонов октагонға қашан оралады?

Фото: Sean M. Haffey/Getty Images
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың (19-0, 8 КО) бапкері Эдуард Базров шәкіртінің жарақаты туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы ресейлік маман Спорт Шредингера порталына берген сұхбатында мәлім етті.
– Шавкаттың тізесіне ота жасалды. Оған қалыпқа келу үшін 2-3 ай уақыт керек, содан кейін октагонға ораламыз. Күздің соңында немесе желтоқсан айында жекпе-жек өткізуді қалаймыз, – деді Эдуард Базров.
Айта кетейік, Рахмонов соңғы рет UFC 311 турнирі аясында ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.
