15 сағат бұрын
Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін қанша пайда тапты?

Фото: UFC
Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде жергілікті қарсыласы Брэд Катонаны 64 секундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Mmajunkie басылымының мәліметінше, отандасымыз жарқын жеңісі үшін 4000 доллар сыйақыға ие болды. Ал нокаутқа ұшыраған Брэд Катона 6000 доллар қаржыны қанжығасына байлады.
Айта кетейік, бұл – Бекзаттың UFC-дегі екінші жекпе-жегіндегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін ол 2024 жылдың наурыз айынла ресейлік Умар Нурмагомедовпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңілген еді.
