5 сағат бұрын
Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты әрі Alash Pride MМА лигасының президенті Данияр Қасқарауов елімізде UFC турнирін өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Sport12.kz сайты QR News басылымына сілтеме жасап хабарлады.
– Қазіргі уақытта UFC ұйымымен Қазақстанда турнир өткізу туралы келіссөздер басталды. Олар бұл бастамаға дайын екенін білдірді. Алдағы уақытта Баку немесе Абу-Дабиде өтетін турнирлердің бірінде UFC президенті Дана Уайтпен кездесіп, қосымша келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз. Егер бәрі сәтті өтсе, турнир осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтуі мүмкін. UFC – ауқымды ұйым, сондықтан бұл іс-шараға үлкен қаржы қажет, – деді Данияр Қасқарауов.
Айта кетейік, UFC Fight Night 260 турнирі 21 маусым күні Баку қаласында өтеді. Іс-шараның басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта өнер көрсететін Джамал Хилл мен Халил Раунтри өзара күш сынасады.
