4 сағат бұрын
Бұрынғы UFC чемпионы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Фото: Chris Unger / Zuffa LLC via Getty Images
Жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, бразилиялық Жозе Альдо мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
– MMA-де өзімді көрмеймін. 2024 жылы UFC-ге ақша үшін емес, чемпион болу үшін оралған едім. Мақсатыма жетуге тырыстым, бірақ қолымнан келмеді. Енді октагонға шығуға зауқым жоқ, – деді Альдо MMA Fighting порталына берген сұхбатында.
Альдо кәсіби мансабындағы алғашқы жекпе-жегін 2004 жылы өткізген болатын. Жалпы 42 жекпе-жекте 32 рет жеңіске жетіп, 10 мәрте қарсыластарына есе жіберген. Жеңген айқастарының 18-ін мерзімінен бұрын аяқтады.
Еске салсақ, Жозе Альдо UFC 315 турнирі аясында өткен соңғы жекпе-жегінде канадалық Эйеман Захабиден жеңіліп қалды.
