04.12.2025
Михаил Шайдоров Гран-при сериясының финалындағы жарыс жолын бастайды
Бүгін Нагоя (Жапония) қаласында мәнерлеп сырғанаудан басты жарыстардың бірі - Гран-при сериясының финалдық бәсекесі басталады, деп хабарлайды Sport12.kz
Ерлер 4 желтоқсаннан 5 желтоқсанға ауған түні 00:15-те қысқа бағдарламада және 6 желтоқсаннан 7 желтоқсанға ауған түні 00:00-де еркін бағдарламада сынға түседі.
Бұл жерде Гран-при кезеңінде ең көп ұпай жинаған 6 спортшы ғана жүлдеге таласады.
Жолдама алғандар:
Илья Малинин (2 дүркін әлем чемпионы, АҚШ) – 30 ұпай;
Юма Кагияма (Олимпиада мен әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері, Жапония) – 30 ұпай;
Шун Сато (былтырғы гран-при финалдық жарысының қола жүлдегері, Жапония) – 28 ұпай;
Адам Сяо Хим Фа (әлем чемпионатының қола жүлдегері, Франция) – 26 ұпай;
Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 24 ұпай;
Дэниэль Грассль (2024 жылғы қысқы Универсиаданың чемпионы, Италия) – 20 ұпай.
Еске сала кетейік, Шайдоров қазан айында Қытайдың Чунцин қаласындағы Cup of China турнирінде қола (11 ұпай), ал бір апта бұрын АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен Гран-приде күміс жүлдеге (13 ұпай) қол жеткізді.
Михаил Шайдоров өткен маусымда да Гран-при финалына қатысып, 5-орынға тұрақтаған еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов