05.12.2025
Биатлоншыларымыз Әлем кубогында жарысқа шығады
Бүгін, 5 желтоқсан күні, Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде әйелдер спринті өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Спортшыларға 7,5 шақырым қашықтықты еңсеру қажет.
Жарыста Қазақстанды үш спортшы таныстырады.
Стартқа Айша Ракишева, Полина Егорова және Милана Генева шығады. Жарыс Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов