Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

06.12.2025

Надежда Морозова Әлем кубогы кезеңінде үшінші орын алды

Надежда Морозова Әлем кубогы кезеңінде үшінші орын алды

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта Қазақстан намысын үш спортшы қорғады. Олардың ішіндегі ең жоғары нәтиже Надежда Морозоваға тиесілі. Ол В дивизионында үшінші орынды иеленді.

Әйелдер. В дивизионы. 1000 м:

1-орын. Мэй Хан (Қытай) - 1:15.50

2-орын. Никола Здрахалова (Чехия) - 1:15.63

3-орын. Надежда Морозова (Қазақстан) - 1:16.03

7-орын. Арина Ильяшенко (Қазақстан) - 1:16.79

8-орын. Кристина Силаева (Қазақстан) - 1:16.86

Ерлер арасында 1500 метр қашықтықта (В дивизионы) Роман Биназаров 29-орынмен шектелді.

Бүгін А дивизионында жүлделер үшін Надежда Морозова (5000 м) мен Елизавета Голубева (1000 м) жарысқа қатысады. Херенвендегі Әлем кубогы кезеңі 7 желтоқсанға дейін жалғасады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»