Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

06.12.2025

Мәнерлеп сырғанаудан Илья Малинин Гран-придің финалында әлемдік рекордты жаңартты

Мәнерлеп сырғанаудан Илья Малинин Гран-придің финалында әлемдік рекордты жаңартты

Бүгін Нагоя (Жапония) қаласында мәнерлеп сырғанаудан басты жарыстардың бірі - Гран-при сериясының ерлер арасындағы финалдық бәсекесі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Еркін бағдарламада сынға түскен 2 дүркін әлем чемпионы Илья Малинин 7 айналымды сәтті секірген әлемдегі алғашқы спортшы атанып, жаттығуында рекордтық 238.24 ұпай жинады.

Бұған дейін 2018 жылғы Пхенчхан қысқы Олимпиадасында Нейтан Чэн (АҚШ) 6 айналымды секірген бірінші спортшы болып еді.

Одан бөлек, Шун Сато мен Дэниэль Грассль да еркін бағдарламадағы жеке рекордтарын жаңартты.

Айта кетейік, Гран-при кезеңінде ең көп ұпай жинаған 6 спортшы ғана Жапониядағы финалдық сайыста жүлдеге таласты.

Қос жаттығудағы жалпы ұпай:

1-орын. Илья Малинин (2 дүркін әлем чемпионы, АҚШ) – 332.29 ұпай

2-орын. Юма Кагияма (Олимпиада мен әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері, Жапония) – 302.41 ұпай;

3-орын. Шун Сато (былтырғы гран-при финалдық жарысының қола жүлдегері, Жапония) – 292.08 ұпай;

4-орын. Дэниэль Грассль (2024 жылғы қысқы Универсиаданың чемпионы, Италия) – 288.72 ұпай.

5-орын. Адам Сяо Хим Фа (әлем чемпионатының қола жүлдегері, Франция) – 258.64 ұпай;

6-орын. Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 242.19 ұпай;

Енді спортшылар Милан-2026 қысқы Олимпиадасының алдында 2026 жылдың 19-24 қаңтарында Бейжіңдегі Төрт құрлық чемпионатында бақ сынайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»