08.12.2025

Ресейден келген конькиші әлем Кубогында үшінші орын алды

Ресейден келген конькиші әлем Кубогында үшінші орын алды

Нидерландының Херенвен қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде «В» дивизионы бойынша масс-старт жарыстары аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан намысын Елизавета Голубева мен Арина Ильяшенко қорғады. Нәтижесінде Елизавета Голубева 8:37.81 уақыт көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, Елизавета Голубева Ресейден ауысып, 2025 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Әйелдер. Масс-старт. В дивизионы

1-орын. Жанин Рознер (Аустрия) — 8:36.91

2-орын. Жессика Сантос Родригес (Португалия)— 8:37.79

3-орын. Елизавета Голубева (Қазақстан) — 8:37.81

14-орын Арина Ильяшенко (Қазақстан) — 8:42.49

Ерлер арасындағы масс-стартта Вадим Якубовский жетінші, ал Виталий Щиголев тоғызыншы орынды иеленді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!