7 күн бұрын
ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес: ту ұстаушылар әлі белгісіз
Бүгін БАҚ беттерінде Милан-2026 Олимпиадасында ту ұстаушылар жайлы ақпарат шықты. Осыған орай ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес түсіндірме берді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің атынан 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын ұстап шығатын спортшылар туралы жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Қазіргі уақытта ту ұстаушыларды таңдау жөнінде ешқандай нақты шешім қабылданған жоқ.
Қоғамдық кеңестің отырысында ықтимал үміткерлер мен іріктеу критерийлері ғана талқыланды. Сондықтан бұл ақпарат ресми сипатқа ие емес. Бұқаралық ақпарат құралдарында нақты спортшылардың аты-жөнінің аталуын расталмаған қауесет ретінде қабылдау қажет.
Ту ұстаушыларға қатысты түпкілікті шешімді Туризм және спорт министрлігі Олимпиаданың басталуына жақын қалғанда спорттық жетістіктерді, Олимпиадаға дайындық деңгейін және тиісті іріктеу рәсімдерін ескере отырып жариялайды. Біз бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттық құраманың құрамы мен ту ұстаушылар туралы ақпаратты жариялау кезінде тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейінгі ақпаратта еліміздің көк туын шорт-трекшілер Денис Никиша мен Яна Хан ұстап шығады деген ақпарат шығып еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов