7 сағат бұрын

Милан-2026 Олимпиадасының неше лицензиясы бар?

Милан-2026 Олимпиадасының неше лицензиясы бар?

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында қазақстандық спортшылардың XIV қысқы Паралимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды Sport12.kz

Ол жарыстар 2026 жылдың 6-15 наурыз аралығында Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетінін атап өтті. 665 спортшы қатысады деп күтілуде. Oлар 79 медаль жиынтығын сарапқа салады.

«Ұлттық команда 2 спорт түрінен – пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан қатысуды жоспарлап отыр. Бұл спорт түрлері бойынша 38 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бүгінге дейін ұлттық команданың 7 спортшысы 10 лицензия жеңіп алды. Олардың қатарында Ербол Хамитов – парабиатлоннан әлем кубогының жалпы есепте жеңімпазы атанған тұңғыш қазақстандық және Хрусталь глобустың иегері, Александр Герлиц – 2022 жылы Пекинде өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері», — деді Ербол Мырзабосынов.

Ойындарға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 6 оқу-жаттығу жиыны өткізілгені атап өтілді.

Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін пара шаңғы спорты және парабиатлон бойынша шетелдік жаттықтырушы-кеңесші Роман Александрович Петушковпен келісім-шарт жасалды. Жалпы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындық қалыпты жағдайда жүріп жатыр және ерекше бақылауда.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас