03.01.2026
Олимпиада-2026: Қазақстан туын көтерушілер әлі белгісіз
Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Балым Аламединова Олимпиада-2026-ның ашылу рәсімінде Қазақстан туын көтерушілер ретінде конькимен жүгірушілер Яна Хан мен Денис Никишаның тағайындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
— Бұл ақпарат шындыққа сәйкес емес. Қазіргі кезде ұлттық құрам толықтай қалыптаспаған. Бәсекелік рұқсат үшін жарыс әлі жалғасып жатыр. Толық ақпарат Туризм және спорт министрлігінің ресми сайттарында жарияланады. БАҚ өкілдерін ресми мәліметтерді күтуге шақырамыз, — деді баспасөз хатшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Спорт және дене шынықтыру комитетінің төраға орынбасары Нурлан Есембаев Хан мен Никишаның 2026 жылғы қысқы Олимпиада ашылуында Қазақстан туын көтеретінін хабарлаған болатын.
Алдағы қысқы Олимпиаданың ашылу рәсімі 2026 жылғы 6 ақпанда Миландағы Сан-Сиро стадионында өтеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!