02.01.2026
Қысқы Паралимпиадада қазақстандықтар спорттың екі түрінен қатысады
Фото: paralympic.org
Қазір қазақстандық спортшылар XIV қысқы Паралимпиада ойындарына жоспарлы дайындық жұмыстары жүргізуде, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстар 2026 жылдың 6-15 наурыз аралығында Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтеді. 665 спортшы қатысады деп күтілуде, олар 79 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Ұлттық команда 2 спорт түрінен – пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан қатысуды жоспарлап отыр. Бұл спорт түрлері бойынша 38 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бүгінге дейін ұлттық команданың 7 спортшысы 10 лицензия жеңіп алды. Олардың қатарында Ербол Хамитов – парабиатлоннан әлем кубогының жалпы есепте жеңімпазы атанған тұңғыш қазақстандық және Хрусталь глобустың иегері, Александр Герлиц – 2022 жылы Пекинде өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ойындарға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 6 оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін пара шаңғы спорты және парабиатлон бойынша шетелдік жаттықтырушы-кеңесші Роман Александрович Петушковпен келісім-шарт жасалды», — деді Ербол Мырзабосынов.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!