04.01.2026

Қазақстанда қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамып келеді

Қазақстанда қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамып келеді

Фото: olympic.kz

Елімізде қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамуда, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және олимпиадалық резервті дайындау мақсатында спорттық инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде елімізде қысқы спорт түрлеріне арналған 1 262 спорт нысаны бар. Құрылған инфрақұрылым қысқы спорт түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және олардың кеңінен дамуына ықпал етеді. Қысқы спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 149 мыңға жуық адамды құраса, спорт мектептерімен қамтылған балалар мен жасөспірімдер саны 17 мыңға жетті. Бұл ретте ұлттық команданы қалыптастыру халықаралық жарыстардағы нәтижелер бойынша жүзеге асырылады.  


Біздің серіктес: Бізге тіркел!