3 күн бұрын

Олимпиада: Шаңғымен тұғырдан секіру қайда өтеді?

Олимпиада: Шаңғымен тұғырдан секіру қайда өтеді?

Фото: Қазақстан ҰОК

2026 жылы Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында шаңғымен тұғырдан секіру спортынан (7-16 ақпан аралығы) 6 медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комиетінің хабарлауынша, қазіргі таңда қазақстандық спортшылар осы дүбірлі додаға жолдама алу үшін қаңтар айындағы шешуші халықаралық жарыстарға тыңғылықты дайындық жүргізіп жатыр.

Шаңғымен тұғырдан секіру сайыстары Италияның Валь-ди-Фьемме аймағында орналасқан Predazzo Olympic Ski Jumping Stadium трамплин кешенінде өтеді. Аталған нысан Олимпиада талаптарына сәйкес толық жаңартылып, халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға бейімделген.

Айта кетейік, аталмыш кешен 1989 жылы пайдалануға беріліп, 1990 жылы алғаш рет әлем чемпионатын қабылдады.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!