3 сағат бұрын
Гаухар Наурызова: мәнерлеп сырғанаудан маусымдағы ең үздік көрсеткішімізді тіркедік
Төрт құрлық чемпионатында мұздағы биден еркін бағдарламада сынға түскен Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова жарысты қорытындылады, деп хабарлайды Sport12.kz
"Өз қойылымымызға көңіліміз толады. Барымызды салдық. Соның нәтижесінде маусымдағы ең үздік көрсеткішімізді тіркедік. Бұған сайыс барысында әр қимылды жан-тәнімізді салғанның арқасы деп білеміз. Әлі де көрсеткішімізді жақсарта аламыз деген сенімдемін. Жалпы осы маусымды ертерек бастадық. Әдетте қазан айында бастаушы едік. Бірақ біз жаздан бері 8 жарысқа қатысыппыз", - деді Гаухар Наурызова.
Айта кетейік, спортшыларымыз қос сайыс бойынша 137.34 ұпай жинап, осы маусымдағы ең үздік көрсеткіштерін тіркеді.
Отандастарымыздың бұған дейінгі үздік нәтижесі де 2025 жылдың қыркүйек айында Бейжің Олимпиадасын қабылдаған Бейжің мемлекеттік спорт сарайында болған еді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов