2 сағат бұрын
Шаңғыдан Милан-2026 Олимпиадасына қатысатын отандастарымыз белгілі
Шаңғы жарысынан Милан–2026 қысқы Олимпиадасында Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Шаңғы жарысынан жарыстар Валь-ди-Фьемме алқабындағы Тезеро шаңғы стадионында өтеді. Биылғы доданың ерекшелігі - тарихта алғаш рет ерлер мен әйелдер бірдей қашықтықтарда сынға түседі. Жалпы 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Олимпиадада Қазақстан атынан 7 спортшы өнер көрсетеді: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.
Қазіргі таңда Қазақстан келесі спорт түрлері бойынша лицензияларға ие:
Биатлон - Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Милана Генева, Айша Рақышева
Конькимен жүгіру спорты - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко
Шорт-трек - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан
Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина
Фристайл-акробатика – Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас
Тау шаңғысы спорты: Александра Скороходова, Ростислав Хохлов.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов