10 сағат бұрын
Милан Олимпиадасында биатлон сайысы ең көп көрерменді жинауы мүмкін
Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) 2026 жылғы Олимпиада ойындары кезінде өтетін биатлон жарыстарын шамамен 200 мыңға жуық көрермен тамашалауы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл көрсеткіш биатлон үшін Олимпиада ойындары тарихындағы рекорд болмақ.
«Биатлон Милан-Кортина 2026 ойындарының басты көріктерінің бірі әрі ең танымал спорт түрлерінің қатарына кіретініне еш күмән жоқ. Антхольц стадионында өтетін олимпиадалық жарыстар мен оны қоршаған керемет атмосфера спортшыларға бірегей тәжірибе сыйлап, аудиториясы үнемі артып келе жатқан жанкүйерлерге біздің спорттың сиқырын көрсетеді», — деді IBU президенті Олле Далин.
Антхольц стадионы бір мезетте 19 100 көрерменді қабылдай алады.
Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6–22 ақпан аралығында өтеді. Биатлон жарыстарына 29 елден 210 спортшы қатысып, 11 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, биатлон бәсекесінде ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов