8 сағат бұрын

Шорт-трекші Богдан Веховтың әлем рекордын жаңартуына не әсер етті?

Шорт-трекші Богдан Веховтың әлем рекордын жаңартуына не әсер етті?

Шорт-тректің жас жұлдызы, елордалық Богдан Веховтың әлем чемпионатындағы рекордын жаңартуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz

- 29 қаңтар – 1 ақпан күндері аралығында шорт-тректен Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында рекорд жаңартып көпшіліктің назарын аударттыңыз. Өзіңіз қандай әсер алдыңыз?

- 1 000 метр қашықтықта әлемдік рекорд мүлде күтпеген жерден болды. Ширек финалға шығу үшін өткен жүгірісте Қазақстанның тағы бір спортшысы Тамирлан Жолдасовпен бірге түсіп қалдық. Ол сол сәтте әлем рекордын жаңарту жайлы идеясын айтты. Тамирлан бастапқы 4 айналымда алға шықты. Одан кейінгі 5 айналымда менің бірінші орынға емін-еркін шығуыма көмектесті. Нәтижесінде 3 секундтық басымдықпен мәреге бірінші болып жеттім. Қателеспесем, бұған дейінгі рекорд Оңтүстік Корея өкілі Джу Джехиға (2024 жылғы әлем чемпионатындағы көрсеткіші – 1:22.352) тиесілі еді.

- Сіз Астанадағы әлем Кубогы кезеңінде топ жардыңыз. Енді әлем чемпионатының 1 000 метр қашықтығында қола жүлдені еншіледіңіз. Финалдағы қарсыластарыңызға қарасақ, жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы Син Шуай (АҚШ) мен Хинже Жанг (Қытай) сынды фавориттер жүлдеден тыс қалыпты. Сіздің тұрақтылығыңыздың сыры неде?

- Қандай жетістіктерге жетсем де, жаттығуды қалдырмай, тәртіппен жүруге тырысамын. Оның үстіне жасөспірімдер санатында болсақ та, ұлттық құрамамен бірге тұрақты түрде жаттығамыз. Өзіңіз білетіндей, Қазақстан құрамасын дайындауға шетелдік білікті мамандар (Вилма Бумстра (Нидерланд) мен Емил Трифонов (Болгария)) тартылған. Олар да бізге ақыл-кеңесін аямайды.

Айта кетейік, Богдан Вехов АҚШ-тағы әлем чемпионатында 1000 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған еді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!