6 сағат бұрын
Конькимен жүгіруден Надежда Морозова Олимпиададағы ең үздік көрсеткішін тіркеді
Италияның Милан қаласында конькимен 3000 метрге жүгіруден әйелдер арасында XXV қысқы Олимпиаданың жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Тәжірибелі отандасымыз Надежда Морозова осы сында 4:01.20 секунд нәтижесімен 6-орын алды. Тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Голубева қашықтықты 4:03.30 секундта еңсеріп, 10-сатыдан көрінді. Ол 5-жұпта Сандрин Ташпен (Бельгия) бірге жүгірді.
Айта кетейік, Надежда Морозова Бейжің Олимпиадасында дәл осы қашықтықта 13-орынға тұрақтаған еді.
Әйелдер, 3000 м. Жүлдегерлер:
1. Франческа Лоллобриджида (Италия) Олимпиада рекордын тіркеді 3:54.28 секунд
2. Рагне Вилклунд (Норвегия)
3. Валери Мальтиас (Канада)
Бүгін бұл бағдарламада барлығы 10 жұп жарыс жолына шықты. Ертең кешкі сағат 20:00-де ерлер 5000 метрге жарысып, кім мықтыны анықтайды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов