08.02.2026
Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасының бүгінгі бағдарламасы
8 ақпан, жексенбі күні Қазақстан құрамасының спортшылары 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында екі спорт түрінен сынға түседі.
Ерлер арасындағы шаңғы скиатлонында Қазақстан атынан Амирғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков өнер көрсетеді. Аталған жарыстың тікелей трансляциясы «Qazsport» телеарнасында Қазақстан уақытымен 16:20-да басталады.
Сондай-ақ осы күні биатлоннан аралас эстафета жарысы өтеді. Қазақстан құрамасы сапында Владислав Киреев, Асет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Ракишева бақ сынайды. Бұл жарыс та «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Басталу уақыты — 17:55.
Еске салайық, қысқы Олимпиада-2026 Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр және 22 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан бұл ойындарға 10 спорт түрі бойынша 36 спортшыны тіркеді. Жалпы Олимпиадаға 95 елден 2871 спортшы қатысып, 16 спорт түрінде 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»