9 сағат бұрын
Тарихқа бір қадам: шаңғышы Йоханнес Клебо Олимпиада чемпионы атанды
Норвегиялық шаңғышы, 15 дүркін әлем чемпионы Йоханнес Клебо Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 10 км + 10 км скиатлон жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Осылайша ол алты дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
Екінші орынды Франция спортшысы Матис Делож иеленді. Жүлделі үштікті тағы бір норвегиялық Мартин Лёвстрём Нюэнгет түйіндеді.
Айта кетейік, Милан Олимпиадасының алдында Йоханнес Клебо барлық 6 бағдарламада да алтын алуға ұмтылатынын айтқан болатын.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов