7 сағат бұрын

Биатлоншыларымыз Олимпиадада мәреге жете алмады

Биатлоншыларымыз Олимпиадада мәреге жете алмады

Бүгін Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz

Аралас командалық эстафетада (4×6 км) Қазақстан командасы соңғы кезеңде көшбасшы командадан бір айналымға қалып кетіп, мәреге жете алмады (21-орын). Алғаш болып жарыс жолына отандастарымыздан Владислав Киреев шықты. Содан кейін Әсет Дүйсенов жарысып, кезекті Милана Геневаға табыстады. Ал эстафетаны Айша Рақышева түйіндеді. 

Аралас командалық эстафета, жүлдегерлер: 

1. Франция 

2. Италия 

3. Германия 

Айта кетейік, енді «Антерсельва аренада» биатлоннан келесі жарыс 10 ақпанда ерлер арасындағы жекелей сындағы жарысқа жалғасады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!