8 сағат бұрын
Биатлоншыларымыз Милан Олимпиадасының жеке сайысына қатысты
Бүгін Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан екінші жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz
20 шақырым қашықтықты құрайтын ерлер сайысында Владислав Киреев 58:49.4 уақыт көрсеткішімен 52-орынға табан тіреді. Ал Әсет Дюсенов 1:01:20.2 көрсеткішімен 74-орынға тұрақтады.
Жеңімпаздар:
1-орын. Йохан-Олав Ботн (Норвегия) - 51:31.5 (нысананың барлығына дөп тигізді)
2-орын. Эрик Перро (Франция) - 51:46.3
3-орын. Стурла Холм Легрейд (Норвегия) - 52:19.8
Айта кетейік, ертең «Антерсельва аренада» әйелдер жүлдеге таласады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов