7 сағат бұрын
Шетелдік бапкер ішімдік ішкені үшін Олимпиададан аластатылды
Финляндияның шаңғымен тұғырдан секіру құрамасының бас бапкері Игорь Медвед Милан мен Кортинада өтіп жатқан Олимпиада ойындары кезінде команданы басқарудан шеттетілді, деп хабарлайды Sport12.kz
Шеттетудің себебі ретінде фин командасының ережелері мен құндылықтарына қайшы келетін мінез-құлық аталды.
«Мәселе алкогольді қолдануға байланысты», — деді Финляндия құрамасының басшысы Янне Хяннинен.
«Мен бүкіл Финляндия командасынан, спортшылардан және жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Команданың жарыстарға толық көңіл бөліп, өз жақсы жұмысын жалғастыруы үшін тыныштық тілеймін. Бұл мәселе бойынша бұдан әрі пікір білдірмеймін», — деді Медведтің өзі.
Айта кетейік, бұл спорт түрінде Қазақстан құрамасы да жүлдеге таласып жатыр.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов