5 сағат бұрын
Конькимен жүгіруден Надежда Морозова ерекше жетістік орнатты
Италияның Милан қаласында конькимен 5000 метрге жүгіруден әйелдер арасында XXV қысқы Олимпиаданың жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан сапынан осы қашықтықта араға 24 жыл салып Надежда Морозова өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Бұған дейін қысқы Олимпиадада 5000 метрге жүгіруден әйелдер арасында 1994, 1998 және 2002 жылы Людмила Прокашева ғана жүлдеге таласқан еді.
Әзірше конькимен жүгіруден 1998 жылы Людмила Прокашева дәл осы қашықтықта қола жүлдегер атанған.
Әйелдер, 5000 м. Жүлдегерлер:
1. Франческа Лоллобриджида (Италия) - 6:46.17 (бұған дейін 3000 метрде де топ жарған)
2.Мерел Конейн (Нидерланд) - 6:46.27
3.Райне Виклунд (Норвегия) - 6:46.34
10.Надежда Морозова - 7:04.81
Енді конькимен жүгіруден 14 ақпан күні әйелдер командалық сайыста және Евгений Кошкин 500 метрде жүлдені сарапқа салады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов