4 сағат бұрын

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Милан Олимпиадасына қатысты мәлімдеме жасады

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Милан Олимпиадасына қатысты мәлімдеме жасады

Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпия ойындарының алтыншы жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

"Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан құрамасының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап жатыр.

Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға жолдама алып, шешуші кезеңде өнер көрсетті. Әйелдер арасындағы могул жарысында үш бірдей отандасымыз іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға шықты. Олар жарысты үздік 20 спортшының қатарында аяқтады.

Конькимен жүгіру спортында Надежда Морозованың алтыншы орны әзірге ұлттық құраманың ең жоғары нәтижелерінің бірі болып тұр.

Михаил Шайдоров та алғашқы Олимпиадасын сенімді бастады. Ол қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орын иеленді. Ертең еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Алда конькимен жүгіру және шорт-трек спортындағы негізгі қашықтықтар бар. Сондай-ақ фристайл-акробатика жарыстары әлі басталған жоқ", - деді Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Балым Адамиденова:

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарындағы қысқы Олимпия ойындарында 5 отандасымыз жүлдегер қатарынан көрініп, 8 медаль жеңіп алды. Ел қоржынына әзірге ең кейінгі жүлде 2018 жылы түсті. Сол жылы Юлия Галышева қола медаль иеленген еді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!