9 сағат бұрын
Юлия Галышева мансабындағы соңғы Олимпиадада бақ сынады
Фото: Қазақстан ҰОК
Юлия Галышева өзінің спорттық мансабындағы бесінші әрі соңғы Олимпиадасында бақ сынады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол - бес бірдей олимпиадалық маусымда жоғары деңгейде өнер көрсеткен тарихтағы жалғыз могулшы қыз.
Юлия Олимпиада ойындарына алғаш рет 18 жасында, 2010 жылы қатысты. Ал үшінші Олимпиадасында ол өз есімін спорт тарихына алтын әріппен жазды. Сол кезде отандасымыз Пхенчан-2018 ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы спорттың 10 дисциплинасы бойынша бақ сынап жатыр. Ел намысын барлығы 36 спортшы қорғауға мүмкіндік алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»