7 сағат бұрын
Бразилия өз тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада медалін жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан супер гигант бағдарламасында Бразилия өз тарихындағы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ал Қазақстан атынан Ростислав Хохлов мәреге 51-орынмен жеттіі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылы Норвегия сапынан Бразилияға ауысқан Лукас Пиньейро Бротен өз еліне алғашқы және алтын медальді сыйлады.
Жүлдегерлер:
1-орын. Лукас Пиньейро Бротен (Бразилия) - 2:25.00
2-орын. Марко Одерматт (Швейцария) - 2:25.58
3-орын. Лоик Мейар (Швейцария) - 2:26.17
51-орын. Ростислав Хохлов - 2:47.36
Жарыс барысында 12 спортшы мәреге жетпеді
Айта кетейік, Милан-2026 Олимпиадасында дебют жасаған Бенин, Гвинея-Бисау, Біріккен Араб Әмірлігінің өкілдері де дәл осы тау шаңғысына қатысқан болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»