Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды

Фото: Қазақстан ҰОК

Белгілі әнші Димаш Құдайберген қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанған қазақстандық Михаил Шайдоровқа қолдау білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде әнші өзінің Instagram парақшасында бейнежазба жариялады.

- Михаил бауырым, Олимпиада алтыны құтты болсын. Құрметті ағайын, не деген мереке! Не деген той! Михаил, сенің мұз үстіндегі қимылың, өнерің сені чемпион ғана емес дүйім жұртқа үміт пен рух, шабыт сыйлаған азаматқа айналдырды. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң, өкінішке орай, халқымыздың маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денис Тенді жоқтатпай, еліміздің, халқымыздың және ағаңның алдындағы үмітін ақтадың. Еліміздің болашақтағы мұз үстіндегі жолың жарқын, шабытқа толы болсын. Өнеріңмен әлемді бағындырып, жаңа белестерге жете бер. Олимпиадаға менің орындауымдағы әнді таңдап, мені де бір марқайтып қойдың. Оған көптен-көп рақмет. Осы орайда саған өзі атымнан темір тұлпар сылаймын. Аз да болса көптей көрерсің. Жеңіс құтты болсын, ағайын, - деді ол.  

Ерлер арасындағы жеке бағдарлама қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров қысқа және еркін бағдарламалар нәтижесінде 291.58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған еді. 

Айта кетейік, қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы аралық есепте бесінші орында тұрған болатын.






Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»