Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты аяқтады

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты аяқтады

Фото:: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында конькимен жүгіруден әйелдер арасында командалық із кесу жарысының ширек финалы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапында Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко өнер көрсетті.

Спортшыларымыз алғашқы жұпта жарыс жолына шықты. Алайда қашықтық барысында құлап, мәреге жете алмады.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға тұрақтап, 7–8-орындар үшін Қытай құрамасымен финал D кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, жартылай финалға үздік төрт құрама өтті. Канада, Жапония, Нидерланд және АҚШ құрамалары жүлдеге таласады.


Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»