5 сағат бұрын
Евгений Кошкин үздік ондықтың қатарына кірді
Фото: Қазақстан ҰОК
Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ең қысқа 500 метрде жеңімпаздар анықталд, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлемдегі ең ТОП-3 жылдам спортшының қатарына кіретін Евгений Кошкин қашықтықты 34.56 секундта жүгіріп өтті.
1.Джордан Штольц (АҚШ) - 33.77 секунд (Олимпиада рекордын жаңартты)
2.Еннинг Де Бо (Нидерланд) - 33.88 секунд
3. Лоран Дюбрёй (Канада) - 34.26 секунд
9-орын. Евгений Кошкин - 34.56 секунд
Евгений Кошкин 2025 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем Кубогының бірінші кезеңінде 500 метрді 33.67 секундта (тарихтағы үшінші көрсеткіш) бағындырып, тікелей Милан Олимпиадасына жолдама алған.
Айта кетейік, енді ертең Евгений Кошкинның әйелі Кристина Силаева дәл осы қашықтықта жүлдеге таласады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»