Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Александра Скороходова Олимпиадада тау шаңғысынан сынға түсті

Александра Скороходова Олимпиадада тау шаңғысынан сынға түсті

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық спортшы Александра Скороходова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан сынға түсті,,деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз слалом-гигант бағдарламасында ел намысын қорғады. 

Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік уақыт көрсеткішін тіркеген спортшы жеңімпаз атанады.

Нәтижесінде Александра Скороходова 2:23.31 уақыт көрсеткішімен 37-орынға тұрақтады.

Италиялық Федерика Бриньоне екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанды - 2:13.50. Бұған дейін ол супергигантта топ жарған еді. Швециялық Сара Хектор және норвегиялық Стьернесунн Теа Луиз бірдей уақыт көрсеткішін тіркеп (2:14.12), екінші орынға ие болды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»