Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Кристина Силаева мен Арина Ильященко Олимпиадада сынға түсті

Кристина Силаева мен Арина Ильященко Олимпиадада сынға түсті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ең қысқа 500 метрде жүлде сарапқа салынды. Қазақстан атынан Кристина Силаева ТОП-20-ға кірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 500 метр мен 1000 метрдегі сайыста да Фемке Кок, Ютта Лердам, Михо Такаги жүлдегер атанды.

1.Фемке Кок (Нидерланд) - 36.49 секунд

2.Ютта Лердам (Нидерланд) - 37.15 секунд

3.Михо Такаги (Жапония) - 37.27 секунд

18-орын. Кристина Силаева - 38.33 секунд

29-орын. Арина Ильященко - 39.38 секунд

Айта кетейік, Кристина Силаева 2025 жылғы әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта 4-орынға тұрақтаған.

Енді конькимен жүгіруден кезекті сайыс 17 ақпанға жоспарланған. Әйелдер арасындағы командалық сайыстың Д финалында Қазақстан құрамасы Қытаймен сынға түседі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»