Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Софья Самоделкина Олимпиадада қай уақытта бақ сынайды?

Софья Самоделкина Олимпиадада қай уақытта бақ сынайды?

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина 2026 жылғы қысқы Олимпиадада қай уақытта бақ сынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Астана уақытымен 01:05-те мұз айдынына шығады.

Айта кетейік, 18 жастағы спортшы 2023 жылдың жазында спорттық азаматтығын Қазақстанға ауыстырған. Ол 2025 жылы өткен NHK Trophy кезеңінің күміс жүлдегері, Дүниежүзілік универсиаданың қола жүлдегері және 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанған.

2025/26 маусымындағы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) рейтингінде қазақстандық спортшы 2403 ұпаймен 21-орында тұр. Көш басында жапониялық Каори Сакамото (5074 ұпай) келеді. Екінші орында — Монэ Тиба (4571), ал үздік үштікті америкалық Эмбер Гленн (4085) түйіндейді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»