4 сағат бұрын
Хоккейден Швейцария әйелдер құрамасы Олимпиадада қола жүлдегер атанды
Фото: milanocortina2026.olympics.com
2026 жылғы қысқы Олимпиадада шайбалы хоккейден Швейцария әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойынның бірінші кезеңінде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Есесіне екінші кезеңде олар бір-бір шайбадан алмасты. Шешуші кезеңде де бір-бірінің қақпасына гол соқпады. Нәтижесінде негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда Швейцария құрамасы жеңіс гайбасын соғып, олар Олимпиаданың қола жүлдегері атағына ие болды.
Дәл қазір финалда АҚШ пен Канада құрамалары кездесіп жатыр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»