Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Софья Самоделкинаның Олимпиадада қай уақытта шығатыны белгілі болды

Софья Самоделкинаның Олимпиадада қай уақытта шығатыны белгілі болды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

2026 жылғы қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкинаның еркін бағдарлама бойынша қай уақытта шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz 

Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Олардың хабарлауынша, қазақстандық спортшы Астана уақытымен 01:13-те мұз айдынға шығатыны жоспарланған.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы бұдан бұрын финалға өткен 24 спортшының қатарына қосылды. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр.

Софья қысқа бағдарламасында 68.47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ оның Олимпиададағы дебюті туған күнімен (19 жас) тұспа-тұс келді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»