5 сағат бұрын
Елизавета Голубева 2026 жылғы Олимпиадада үздік жетілікке енді
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко бақ сынады.
Қазақстандық спортшылардың арасында ең үздік нәтижені Елизавета Голубева көрсетті. Ол 1:54.86 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жетінші орын алды.
Надежда Морозова 1:54.86 нәтижесімен 12-орынға тұрақтаса, Арина Ильященко 1:58.43 уақыт көрсеткішімен 24-орында жарысты аяқтады.
Нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 нәтижесімен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медальді норвегиялық Рагне Виклунд (1:54.15) иеленсе, қола жүлде канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) бұйырды.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»