10 сағат бұрын
Йоханнес Клебо кезекті рет Олимпиада рекордын жаңартты
Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Милан Олимпиадасындағы 50 километр қашықтықтағы классикалық стильдегі марафонның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Клебо 11 дүркін Олимпиада чемпионы болды және Италиядағы ойындарда өткен алты жарыстың барлығында алты алтын медаль жеңіп алды.
Бүгінгі марафонға дейін Клебо жеке және командалық спринттерде, эстафетада, скиатлонда және жекелей старттағы жарыста да жеңіске жеткен еді.
Бүгінгі жеңісінің арқасында Клебо 1980 жылғы Олимпиадада бес алтын медаль алған америкалық конькиші Эрик Хайденнің рекордын жаңартты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов